Body: 

27 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласындағы «Шарапат» әлеуметтік көмек көрсету орталығы мекемесінде 1 – қазан Қарттар мерекесі күніне орай Нұр—Сұлтан қаласындағы «Жоғары көлік және коммуникация колледжінің» ұйымдастыруымен «Қарттарым – асыл қазынам» атты мерекелік концерт тарту етілді. «Бұл мереке аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін жəне ардагерлерге қамқорлық пен құрмет көрсететін күн болып табылады. Құрметті қарттарымызды тек қана осы мереке күндері емес, əрқашан құрмет тұтуға лайықты.
Колледж өнерпаздары саналы ғұмырларын отан деп тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын әке – аналарымызды төл мерекелерімен құттықтай келе әсем әндерімен, келісімді билерімен, өз өнерлерін ортаға салған колледж ұстаздары мен өнерлі студенттері қонақтардың зор ықыласына бөленді.
Құрметті қарттар атынан сөз алған құрметті ардагер ұстаз Раиса Ивановна «Осындай мерекелік шарада біздерді ұмытпай, қошемет-құрмет көрсетіп жатқан колледж әкімшілігіне колледж директоры, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты, саяси ғылымдарының докторы Зулфухар Сұлтанұлына алғысымызды білдіреміз деп ақ баталырын беріп, ризашылығын білдірді.

Көркемдік жетекші Н. Сейтмұратов