Body: 

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәрбие -тағылым беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ұстаз әрдайым қасиетті тұлға.
Қазан айының 3-ші жұлдызы күні Жоғары көлік және коммуникация колледжінде студенттердің ұйымдастыруымен «Ұстазым-ұлағатым» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Салтанатты жиынды білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтау сөзімен колледж директоры, саяси ғылымдарының докторы, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты Зұлфухар Сұлтанұлы Гаипов ашты. Өз сөзінде Зұлфухар Сұлтанұлы колледждің өркендеуі мен дамуында, білімі мен беделінің артуында ұстаздар қауымының атқарған еңбегінің орасандығын және колледждің ғана емес Еліміздің болашағы ұстаздарға тікелей байланысты екенін айтып өтті. «Сіздерді Ұстаздар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Ұстаздар күні мерекесі 1-қазан Қарттар күні мерекесімен және 2-қазан техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлерінің төл мерекесімен тұспа-тұс келуде. Осы мерекелермен сіздерді құттықтаймын. Биылғы жыл айтулы жыл, себебі колледжімізге Жоғары колледж атағы берілді. Бұл әрине, сіздердің еңбектеріңіздің жемісі. Ұстаздар күні – бұл дәстүрлі әрі бүкілхалықтық мереке десек артық айтқандық болмас. Ұлы ғұламалардың да ұстазы болған. Абыройлы міндетті ақаусыз атқарған мұғалімді халқымыз қашанда ерекше құрмет тұтқан. «Ұстазды алтын діңгекке теңер едім», – деп ұлы педагог Ы.Алтынсарин айтқандай, ұстаз жолы – қиыншылығы мен рахаты бір басқа жетерлік мамандық атаулының ұлысы, дей келіп, – құттықтауда Ұстаз сөзінің қасиетті ұғымдардың қатарынан орын алуының өзінде үлкен мән жатқандығын атап өтті.
Мерекенің қадірлі қонағы - еңбек ардагері, колледждің құрметті оқытушысы Левин Виктор Абрамович Ұстазға арналған мерекенің адам¬заттың даму тарихында қашан да болса алар орны бөлек, жүрек лүпілінен шыққан ұстазға деген құрметіміздің, ізетіміздің жөні басқа екендігін айтып, ұстаздарды мерекемен құттықтады.
Мерекелік іс-шара жыл сайынғы дәстүрлі марапаттау рәсімімен жалғасын тапты. Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік даму жолында қол жеткізген табыстары мен білім беру саласына қосқан үлесі үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасымен колледждің арнайы пәндер оқытушысы Муравьева Светлана Анатольевна марапатталды. Ұстаздар күні мерекесі қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімі Ерғали Егембердінің алғысымен колледжіміздің бас ұстазы Гаипов Зулфухар Сұлтанұлы марапатталды. Сондай-ақ қырқыншы машиналандырылған жол дистанциясы директоры С.Назаровтың Алғыс хатымен колледж директоры Гаипов Зулфухар Сұлтанұлы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Есенбекова Алтынай Есенбековна, бөлім меңгерушісі Бота Сайранкөк және арнайы пәндер оқытушысы Каримова Айгуль Консовна марапатталды. «Сарыарқа» ауданы әкімдігінің Алғыс хатымен колледждің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Алимова Светлана Асантаевна және кадрлар бөлімінің меңгерушісі Кусайынова Рысгуль Ахметбековна марапатталды. Қалалық білім беру ұйымдары оқушыларының Спартакиадасы барысында елордалық жас жеткіншектердің спортқа қызығушылықтарын дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға қосқан үлесі үшін Мырзагалиев Бақыт Құсайынұлы, Байтайлақов Ардақ Тукенович, Джумабаев Аслан Сансызбаевич Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының мақтау қағазымен марапатталды. Егеменді еліміздің экономикалық әлеуетін арттыру жолында қабілетті де білікті мамандарды даярлау және тәрбилеуге қосқан еңбегі үшін қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Ныгыметова Лира Каскырбаевна, арнайы пән оқытушылары Касымова Самал Жумабаевна, Аманжолова Раушан Шапагатовна колледж директорының алғыс хатымен марапатталды. Жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне қосқан үлесі, жоғарғы педагогикалық кәсіптік шеберлігі, жаңа көзқарастағы идеяларды насихаттағаны және Нұр-Сұлтан қаласы білім беру саласының дамуына қолдау көрсеткені үшін Аубакирова Эльмира Сапарбековна, Естемесов Талғат Нурманбетович, Бегалиева Эльмира Серіковна, Джумабаев Аслан Сансызбаевич Нұр-Сұлтан қалалық «Әділет» кәсіподақ ұйымының мадақтамасымен марапатталды.
2018-2019 оқу жылында кәсіптік біліктілік санаттарын көтеріп, аттестаттаудан өткен колледж оқытушылары Есенжол Дина Қанашқызына, Жұмабаев Қанатжан Балтабайұлына, Сванова Гүлназ Бақытжанқызына, Амангельдинова Жулдуз Алтынбековнаға педагог қызметкерлерді аттестаттау туралы куәлік тапсырылды.
Тұңғыш Елбасының 2018 жылғы 5 наурыздағы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуі негізінде Жастар жылын өткізу барысында биыл бірнеше жобалар қолға алынып отыр. Солардың бірі – 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда жас мамандарға арналған жалдамалы тұрғын үйдің берілуі. Осы мақсатта Ұстаздар мерекесі қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының шешімімен жас мамандарға жатақханадан орын беру мәселесі қарастырылып, колледжіміздің жас мамандары Сванова Гүлназ Бақытжанқызы, Барат Ақбота Есбергенқызы, Универқызы Ғылым құтты қоныстарына ие болды.
Салтанатты іс-шара құттықтау сөздермен бірге, ұстаздарымыздың құрметіне арнап колледжіміздің өнерлі студенттері және Республикалық «Қазақстан дауысы» байқауының финалисі, Халықаралық «Дала дауысы» байқауының лауреаты Маржан Исаева сияқты өнер майталмандарының ән шырқап, өнер көрсетулерімен жалғасты. Жиын соңында «Ұстазым» әні шырқалып, ұстаздарға тамаша көңіл-күй сыйланды.

Әдіскер: Мылтыкбаева Ж.Т.