Body: 

«Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жанын ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық мемлекетінің нығайып көркеюі үшін еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа» - деп Елбасымыз Н. Ә Назарбаев айтқандай, рухани жаңғырудың бір бөлімі «Туған жер» бағдарламасына арналған. Бағдарламаны негізге ала отырып, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Жоғары көлік және коммуникация колледжінің 75 жылдығы қарсаңында колледжімізде Гаипов Зулфухар Сұлтанұлының басшылығымен «75 игі іс акциясы» өз стартын бастады. «Бұтақ жайған ағаш қартаймайды, ұрпақ жайған адам қартаймайды» дейді. Осы орайда қазанның 5-і күні қаланы көгалдандыру бағдарламасы аясында колледж ауласын көгалдандыру және көркейту мақсатында «Ағаш отырғызу» акциясы ұйымдастырылып, мұндай істің басынан Нұр-Сұлтан қаласының «Сарыарқа» ауданының әкімі Егемберді Ерғали Қуандықұлы, колледжіміздің басшысы Гаипов Зулфухар Сұлтанұлы, Нұр-Сұлтан қаласы «Сарыарқа» аудандық
Мәслихатының депутаттары, «Нұр Отанның» ел сүйетін мүшелері: Данбаева Гульнар Аманжолқызы, Куришбаев Ахылбек Кажигулұлы, Табулдина Алтыншаш Жумашқызы, Жусупова Зауре Гинаятқызы, Батпенов Саят Нурланұлы, «Жас Отан» жастар қанаты ұйымының мүшелері және колледжіміздің оқытушылары мен студенттері мерейтой аллеясын отырғызды. Акцияны өткізудегі негізгі мақсат қала тұрғындарын қаланы таза ұстауға, жастарды еңбекке жұмылдыру арқылы, қаланы таза әрі жасыл қалаға айналдыруға шақыру болып табылады.
Акция барысында колледж ауласында жас ағаштардан тамаша аллея пайда болды. Бұл игі істен кейін акцияға қатысушылар колледж ауласында дайындалған түскі асқа шақырылды. Хадисте «Бір адам бір ағаш отырғызса, амал дәптеріне отырғызылған ағашының жемісіндей сауап жазылады» делінген, олай болса мол сауапқа себеп болар бір тал ағаш отырғызуды келешек ұрпақ үшін жоспарлап мақсат етейік!- дегіміз келеді.

Ахметова А.Т.