Body: 

Құттықтаймыз!!! 2019 жылдың 9 қазан күні колледждің 75 жылдық мерейтойына және «2019 жыл – Жастар жылына» орай «Жоғары көлік және коммуникация колледжінің» №2 студенттер үйінде жаңа волейбол алаңы ашылды. Алаңның салтанатты ашылу рәсіміне студенттер мен ұстаздар, колледждің әлеуметтік серіктестері қатысты. Әсем ән, мың бұралған бимен көркемделген салтанатты жиынның құттықтау сөзін алған директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Жунуспеков Өміргүл Хамзиұлы барша жиналғандарды жаңа волейбол алаңының ашылуымен құттықтады.Өміргүл Хамзиұлы студенттерге волейбол алаңын сыйлаған басты серіктестеріміздің бірі - Назыров Сапарбек Есімұлына зор алғысын жеткізді.
Жиын барысында жастарды спортқа тәрбиелеп салауатты өмір салтын дамыту мақсатында спорт алаңын колледжге сыйға тартып отырған әлеуметтік серіктесіміз «ҚТЖ» АҚ ҰК филиалы Қырықыншы жол қашықтығының директоры Назыров Сапарбек Есімұлына құттықтау сөз кезегі берілді.
Сапарбек Есімұлы өз құттықтауында «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» еліміздің темір жол саласына сапалы мамандар даярлайтынын, өзі басқарып отырған кәсіпорында осы колледжді бітірген көптеген білікті мамандар жемісті жұмыс жасап жатқанын айтып колледж ұжымына сапалы кадрлар даярлайтыны үшін зор алғысын жеткізді.
Алғыс тілектер айтылып болғаннан кейін Сапарбек Есімұлымен Өміргүл Хамзиұлы салтанатты лента қию рәсіміне қатысты. Кеш соңында колледждің волейбол құрамасы жолдастық кездесу ойынын ұйымдастырды.

Бақыт Ұланбек