Body: 

2019 жылдың 17 қазаны күні Жоғары көлік және коммуникация колледжінің мәжіліс залында Жас Отан жастар қанатының Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Бақдәулет Болатұлы Жанділдаевтің қатысуымен жалпыреспубликалық «Адалдық сағаты» өтті. Іс-шараға 1 курстың 150 студенті қатысты. Жемқорлықпен күрес агенттігінің қолдауымен өткен сағаттың басты мақсаты студенттерді адалдыққа, парасаттылыққа тәрбиелеп, әділ қоғамның сенімді азаматтары болуға шақыру болды. >Лекция барысы презентациялармен және бейне роликпен көркемделді. Колледждің жастар ісі комитетінің инспекторы Ұланбек Бақытұлы студенттерге жемқорлықтың түрлерімен, салдары туралы толық ақпарат беріп, сөз кезегін елордамызда «Таза сессия» акциясын ұйымдастырып, жемқорлықпен белсенді күрес жүргізіп жүрген Бақдәулет Болатұлына берді.Бақдәулет мырза өз сөзінде студенттерді жемқорлыққа итермелейтін факторларды айтып, жемқорлықтан аулақ болудың жолдарын ұсынды және жастардың бос уақытын тиімді пайдалануларын ескертті. Бақдәулет Болатұлы қатысушы жастарды жемқорлықпен бірге күресуге шақырды.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Мырзагалиева