Body: 

Жоғарғы көлік және коммуникация колледжінің 75 жылдық мерейтойына орай іс-шаралар өткізу аясында қазанның 22 жұлдызында колледжіміздің түлегі Жақсылық Жанайханұлымен 0913000 «Энергоменеджмент» және 0902000 «Электрмен қамтамасыз ету» мамандығының студенттерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында Жақсылық Жанайханұлы болашақ колледж түлектеріне колледжде болған қызықты сәттермен, мамандық таңдау мәнісімен, сүйікті пәндері мен оқытушылары туралы, жұмыс орны және функционалдық міндеттері туралы және колледжді бітіргеннен кейін орын алған кедергілер туралы ой бөлісті. Студенттер сұрақтар қойып, Жақсылық Жанайханұлының колледж қабырғасындағы өміріне қызығушылық танытты. Қоштасу барысында Жақсылық Жанайханұлы білімге жарқын жол салған әрбір оқытушыға үлкен еңбегі үшін, туған колледжіне деген адалдық мен сүйіспеншілігі үшін ризашылығын білдіріп, барлық студенттерге амандық, денсаулық және оптимизм тіледі. Күздің қоңыр салқыны мен желіне қарамастан, кездесу студенттер мен оқытушыларға жылулығы мен сүйіспеншілігін сыйлады. Көптеген студенттер үшін колледж маңызды, тәуелсіз өмірге бастама болды. Бәрі жақсы өтті, ең бастысы - жылы, достық нотада. Жиналғандардың бәрі, жасына қарамай, ойша колледждің дәліздері мен аудиторияларын аралап, әрқайсысының жүрегінде кездесу ұмытылмас із қалдырды...