Body: 

Жылдағы дәстүр бойынша, 2019 жылдың 21 қазанында Жоғары көлік және коммуникация колледжінің №1 студенттер үйінде 1-курс студенттерінің студент қатарына қабылдау рәсімі болып өтті. Іс-шараның мақсаты – студенттерді мереке тарихымен таныстыру, олардың шығармашылық, рухани-адамгершілік қабілеттерін дамыту, таңдаған мамандығының маңыздылығын түсіндіре отырып, терең білім алып, бәсекеге қабілетті маман болып шығуға үндеу, талантты студенттерді жатақхананың қоғамдық өміріне белсене ат салысуға тарту. Жоғары курс студенттері көрермендерге әртүрлі жанрда және формада өнерлерін паш етті, кештің барысында бірінші курс студенттері салтанатты түрде ант қабылдады. Мерекелік кеште әуенді ән, түрлі халықтың биі де, тіпті әзіл әлеміне саяхаттау, көрермендермен ойындар да ұйымдастырылды. Студенттер тек колледж қабырғасында білім алып қана қоймай, қоғам өміріне белсене араласып, өзіндік үлестерін қосып келе жатқан жігерлі де, қайратты жастар екендіктерін дәлелдеп, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. «Студенттерге арнау» мерекесі жақсы тілектерге толы болып, естелік суретке түсумен, көңілді би кешімен аяқталды.


А.Туралиева