Body: 

22019 жылғы 23 қазанда колледжде «Жаңа белес-2019» атты 1 курс студенттерін студент қатарына қабылдау кеші өткізілді. Бұл шараны тек бірінші курс студенттері ғана емес, жоғары курс студенттері де асыға күтеді. Биылғы оқу жылында ұйымшыл студенттік ұжым қатары 340 студентке толықты.Бұл күн жақындаған сайын 1 курс студенттерінде көбірек толқу сезіледі. Әрине, әрбір топтың ұжымдық рухы оның алғашқы қадамдары арқылы қаланады. Айта кететіні, жалпы колледждегі шығармашылық сезім оларды алғашқы білім алған кезінде баурап алады. Сондықтан студенттер қатарына қабылдау күні – бұл жай ғана іс-шара емес, бұл колледждегі әрбір студенттің көпжылдық шығармашылық имиджін құру күні. Мерекелік бағдарламасы барысында колледж өнерпаздарының ән-билері залда тұрған барлық көрермендердің қызығушылығын туғызды. Дәстүрлі түрде студенттерді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлмира Ғалиасқарқызы құттықтап, жастарға оқуда табыс, креативті идеялар және белсенді өмірлік ұстанымда болуды тіледі. Мерекеде 1 курс студенттері ант қабылдап, студенттік билет табысталды. 2ПОВТ-118 тобының студенті Қайрат Динияс эстафетаны салтанатты түрде 1ЭН-219 тобының студенті Алданаш Аяжанға табыстады. Тек осы салтанатты рәсімнен кейін ғана әрбір бірінші курс студенті "Мен Жоғары көлік және коммуникация колледжінің студентімін!"-деп айта алады. Қызыққа толы болған мерекелік кеш дискотекада жалғасын тапты.

Жастар комитетінің инспекторы Ұ.Бақыт