Body: 

Өрлеу» БАҰО» АҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы 2019 жылы дәстүрлі «Педагогикалық идеялар панорамасы» атты республикалық үздік бейнесабақ байқауының қалалық кезеңін өткізді. Байқауға колледжіміздің арнайы пәндер оқытушысы Сундетова Айнагүл Қалиқызы қатысты. Оқытушы байқауға «Мәлімметтерді беру жүйелері» пәнінен «Интегралдық қызмет көрсетудің сандық желісі» тақырыбындағы бейнесабағын ұсынған болатын. Ұйымдастыру комитеті байқау нәтижелерін қазан айында жарияланатынын айтқан. Сөйтіп, 2019 жылдың 23 қазанында Нұр-Сұлтан қаласындағы №32 мектеп-лицейде марапаттау рәсімі өткізілді. Қаламыздағы Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан барлығы 23 жұмыс ұсынылды. Байқау нәтижелері бойынша І орын -1, ІІ орын -1, ІІІ орын -1 тапсырылды. Қатысушылар арасынан колледжіміздің арнайы пәндер оқытушысы Сундетова Айнагүл Қалиқызы жүлделі І орынды иеленді. Нәтижесінде, Айнагүл Қалиқызы байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды. Марапаттау рәсімі барысында жеңімпаз ретінде Айнагүл Қалиқызы әріптестерімен іс-тәжірибесімен бөлісті. «Өрлеу» БАҰО» АҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары А.И.Чокушева байқаудың республикалық кезеңіне дайындық жұмыстарының жоспарымен таныстырды.
Іс-шара соңында БАҚ насихаттаушы телеарна мен «Білімді ел» газетінің тілшілері Айнагүл Қалиқызынан сұхбат алды.
Сундетова Айнагүл Қалиқызына денсаулық, шығармашыл идеялар тілейміз. Оқытушының алатын биіктері алда болғай!

Әдіскер Ж.Т.Мылтыкбаева