Body: 

2019 жылдың 31 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен қалалық «Үздік жас маман» байқауының ІІІ кезеңі өткізілді. Байқауға колледжіміздің арнайы пәндер оқытушысы Барат Ақбота қатысты. Бұл байқауға қаламыздағы білім беру ұйымдарынан барлығы 84 жұмыс ұсынылды. Сырттай өткізілген І және ІІ кезең нәтижелері бойынша 11 сайыскер іріктеуден өтті. Байқау нәтижелері бойынша І орын - 1, ІІ орын - 1, ІІІ орын - 2 тапсырылды. Колледжіміздің арнайы пәндер оқытушысы Барат Ақбота жүлделі ІІ орынды иеленді. Ақбота Баратқызына денсаулық, еңбегіне жеміс тілейміз.
Қалалық сайыстың өзін-өзі таныстыру кезеңінде колледжіміздің 2РЭС-418Б тобы студенттерінен құрылған КТК «Байланыс» құрамасының үлесі зор болды. КТК мүшелері 2РЭС-418Б тобының студенттері: Ергалиев Құралбек, Сәйпідін Ерхан, Уәш Фархат, Сабралеев Ерболат, 1РЭС-419Б тобының студенті Нуридін Мейіржанға алғыс айтамыз. Жастарға келешекте мықты денсаулық, ерекшелентін идеялар тілеп, шыншыл әзілдерімен көрермен көңілінен шыға берсін дейміз.

Әдіскер: Мылтыкбаева Ж.Т.