Body: 

2019 жылдың 31 қазаны күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «EL-TANYM» рухани-танымдық көшпелі дәрісі өтті. Тарих ғылымдарының докторы, профессор Марат Оралбайұлы Әбсемет Жоғары көлік және коммуникация колледжінің студенттері мен оқытушыларына «Ұлы дала есімдері: ұлт көсемдері мен рухани батырлар» тақырыбында дәріс оқыды. Дәріске 150 студент қатысты.
Марат Оралбайұлы көпшілікке «Рухани жаңғыру» бағдарламасының және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының өзектілігі мен маңыздылығын түсіндірді, киелі мекеніміздің құндылықтарын, ұлтымыздың ұлы тұлғаларының рухани-мәдени, әдеби мұраларын жан-жақты, кеңінен дәріптеуге шақырды. Лектордың негізгі мақсаты аталған құндылықтар арқылы отансүйгіштікті, елжандылықты қоғамның әр өкілінің санасына сіңіру, туған тіліміздің қолданыс кеңістігін кеңейту.
Жастардың ұлттық рухы жоғары болу керектігін түсіндірген қонақтар оларды болашаққа нық қадам басуға шақырды.
Қонақтармен кездесу, тілдесу, өте жайлы да жылы өтті. Жарқын естеліктермен, тартымды әңгімелер айтылған ортада, жастар қызық пікір алмасты. Әңгіме барысында жастар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, оларға толық жауаптар алды. Кездесу алғыс сөздерімен және естелік суретке түсуімен аяқталды.

Мырзагалиева Г.Г.