Body: 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің хатына сәйкес (2019 жылғы 27 қыркүйектегі № 01-3-5-18/10541-И) Үкіметтің 2019 жылғы 30 қыркүйектегі № 726 Қаулысымен «Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тізілімінен 1 қарашадан бастап қолданыстан алынатынын хабарлайды.
Осыған сәйкес, азаматтардан тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын талап етілуіне жол бермеу мақсатында тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізу және қатаң бақылауда ұстау қажет.
Барлық мүмкін мекемелерде: мектептер, ауруханалар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтары, елшіліктер мен консулдықтарда, трансұлттық компаниялар, халықаралық ұйымдарда – қандай да жағдай болмасын Қазақстан Республикасының азаматтарынан тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамалары талап етілмеуі қажет.

  • Видео