Body: 

№1 студенттер үйінің өз дәстүрі бар. Жыл сайын қараша айында "Күзгі бал"атты тәрбиелік іс – шара өткізіледі. Биылғы жылы №2 студенттер үйімен бірге "Күз ханзадасы мен ханшайымы" атты күзгі бал 13 қарашада өтті. Онда жатақхананың ең стильді тұлғалары өнер көрсетті. Іс-шараның мақсаты - жастардың экологиялық мәдениетін дамыту, интеллектуалдық белсенділігін арттыру, ой-өрісі мен көркем шығармашылығын дамыта отырып, сахналық мәдениетке тәрбиелеу. Студенттер үйінде тұратын студенттер осындай кештерде өз қабілеттерін, таланттарын ашуға, өздерін әртүрлі рөлдерде көрсетуге мүмкіндігі бар. Кез келген бал сияқты, студенттер үшін бал күзгі вальспен ашылды. 6 жұп «Күз ханзадасы мен ханшайымы» атағы үшін күресті.
Байқауды бағалау және мерекенің қорытындысын шығару үшін әділқазы алқалары :директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мырзағалиева Г. Г, колледж психологы Универқызы Ғ және жастар саясаты комитетінің төрағасы Бақыт Ұ төрелік етті.
Байқау көрсетілім түрінде өткізілді. Қатысушылар өздерінің қызықты визит карточкалары ретінде таныстыру ұсынды, әртүрлі шығармашылық нөмірлерін орындады, дәмді күзгі тағам және ерекше күзгі бейнелер ұсынды, колледждің 75 жылдығына байланысты сұрақтарға жауап берді.
Нәтижесінде "Күз ханзадасы мен ханшайымы " атағы №1 жұп Тураханов Нұрсұлтан және Андросова Алинаға, І орынды №2 жұп Серікқызы Көркем және Жүсіпбеков Мақсат иеленді, ал қалған жұптар әр түрлі номинациялар бойынша жеңімпаз атанды. "Ең көңілді жұп" Байгужин Данияр, Пономарева Карина
"Ең романтикалық жұп" Галымов мақсат, Сайлауова Аружан "Ең сымбатты жұп" Жақсылық Қуандық, Мұхаметқали Ундина. Көрермендер көзайымы Қайрат Динияс, Байманова Даяна Барлық қатысушылар грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды. Бұл керемет атмосфераға толы ұмытылмас кеш болды. Байқау керемет би кешімен ұласты.

Тәрбиеші Туралиева А.С.