Body: 

Жоғары көлік және коммуникациялар колледжіне 2019 жылғы 13 және 19 қараша күндері Нұр-Сұлтан қаласының Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясы және №19 орта мектептің 9-сынып оқушылары шақырылды.
Оқытушылар болашақ талапкерлерге оқуға түсу шарттары және оқу тәжірибеден өту және жұмысқа орналасу туралы айтып, колледждің материалдық-техникалық базасын көрсетті.
Экскурсия барысында оқушылар зертхана, спорт және тренажер залдары, шеберханалармен танысты. Сондай-ақ мұражайға барып, колледждің 75-жылдық тарихымен танысты.
Оқушыларға колледждің телекоммуникация саласы, теміржол көлігі, энергетика және байланыс сияқты мамандықтар туралы ақпараттарды қызыға тыңдады. Біздің колледж үшін болашақ талапкерлерге әрқашан есігіміз ашық!

А. Молдаш