Body: 

2019 жылғы 20 қарашада Нұр – Сұлтан қаласындағы Жоғары көлік және коммуникация колледжінде «Педагогтың кәсіби құзыреттілігі – болашақ маманды сапалы даярлаудың негізі» тақырыбында Ашық есік күні өтті. Іс-шараның өткізілу мақсаты – колледж оқытушыларының педагогикалық тәжірибелерін зерделеу, қорыту және тарату, педагогикалық біліктіліктерін арттыру.
Ашық есік күніне Нұр – Сұлтан қаласының білім беруді жаңғырту орталығының өкілдері, ТжКБ ұйымдарының оқытушылары және әлеуметтік серіктестер қатысты.
Колледждің директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Алтынай Есенбековна және Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Егеубаева Жанар Бахытжановна қатысушыларға сәттілік тіледі.
Бағдарламасы бойынша 7 ашық сабақ өткізілді. Жалпы білім беретін оқу пәндері бойынша келесі секциялар ұсынылды: "Химия" – А.А. Қасымбекова, "Математика"- Н.А.Үсенов "Дене шынықтыру" - Б.К. Мырзағалиев, А. С. Джумабаев.
Арнайы пәндер секциясы бойынша панорамалық сабақтар келесі пәндер бойынша көрсетілді: "Маркетинг негіздері" – Муканова А.К., "Автомобиль жолдары және аэродромдарды зерттеу және жобалау"- Аубакирова Т. Н., "Кәсіби модуль 07" - Тенгизбаева Г.
Оқытушылардың міндеттері – ашық сабақтар өткізу. Студенттердің кәсіби құзыреттілігі бойынша оқу-тәрбие жұмысын қалыптастыруға мүмкіндік беретін өзіндік жүйесін құру, педагогикалық ізденістер жасау, жеке қабылдауларын жетілдіру, қолданылатын технологиялар мен әдістердің тиімділігін бағалау. Іс-шараның қорытындысын шығару кезінде басқа колледждерден қатысқан әріптестердің оң пікірлері айтылды, педагогтың зияткерлік және шығармашылық әлеуеті, педагогикалық шеберлігінің жоғары деңгейде екендігі атап өтілді.Әдіскер Ж.Б.Егеубаева колледж әкімшілігінің тарапынан педагогтар мен студенттердің бірегей жұмыс атқарғанын атап өтті. Оқытушыларға біліктілік санатынан сәтті өтуіне тілек білдірді.

Әдіскері С. Хайруллина