Body: 

2019 жылдың қараша айының 26 жұлдызында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен «Үздік кітапханашы - 2019» қалалық байқауының марапаттау рәсімі Республикалық академиялық ғылыми кітапханасының акт залында өткізілді. Байқаудың алғашқы сырттай кезеңінде кітапханашылар өз жұмыстары жайлы
бейнебаян мен екінші кезеңде өткізілетін ашық іс-шараның әзірлемесін эксперттерге ұсынды. Бірінші іріктеу кезеңінің нәтижесінде қала балабақшалары, мектептері мен колледждерінің кітапханашыларынан 9 қатысушы екінші кезеңге өтті. Екінші іріктеу кезеңінде колледжіміздің кітапханасында Абайдың 175 жылдығына арналған «Абай из плеяды великих» тақырыбындағы іс-шара көрсетілді. Бес әділ-қазы мүшелері келіп, іс-шараны бағалады. Абай Құнанбаевтың өмірі, шығармалары, қара сөздері, әндері кеңінен насихатталып, қалалық кітапхана қатысуымен ұйымдастырылған кітап көрмесі шараның құндылығын арттыра түсті.
Байқау нәтижесінде алты қатысушы сертификат алды. Екі қатысушы ІІІ орын, бір қатысушы ІІ орын, бір қатысушы І орын алды және барлық қатысушыларға ақшалай сыйлықтар берілді. Біздің колледжіміздің кітапханашысы Г.Б.Жунусова жүлделі І орынға ие болды. Әріптесімізді жеңісімен құттықтаймыз! Мықты денсаулық, отбасына береке, шығармашылық пен шабыт тілейміз.

Әдіскер: Ж.Т.Мылтыкбаева