Body: 

2019 жылдың 27 қарашасында колледж кітапханасында, жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына орай «Телегей теңіз дарын» тақырыбында ақпараттық ауызша журналы өткізілді. Іс - шара барысында ЭН – 2019 тобының оқушыларына кітапханашы Омарова М. М. Ә. Кекілбаевтың өмір жолы, шығармалары туралы әңгімелеп, үстіміздегі жылда «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша оқуға таңдап алынған жазушының «Аңыздың ақыры» романы туралы буктрейлер көрсетті.
Ұлттық Академиялық кітапханада ашылған Ә. Кекілбаев атындағы оқу залы туралы видио ролик көрсетіліп, мерейтой иесінің шығармашылығына арналған презентация көрсетілді. Іс – шараға кітап көрмесі қойылып, шолу жасалынды. «Парасат биігінде» тақырыбында библиографиялық көрсеткіш жасалынып жазушының шығармашылығымен танысуға оқырмандарға ұсынылды.