Body: 

2019 жылдың қарашаның 27 жұлдызында колледждің мәжіліс залында «ЭТХ, ПМ, СД және ЭМ» бөлімінің студенттері мен оқытушыларының ұйымдастыруымен колледждің

75-жылдығына және Жастар жылына арналған іс-шарасы өткізілді. Іс-шара колледж түлектері және студенттері арасында «Брейн-ринг» интеллектуалды ойыны түрінде өтті.

Ойынға қатысушылар өздерінің біліктіліктерін, білімдерін, ойлау қабілеттерін және эрудицияларын көрсетті. Түлектер командасының

капитаны – 1965 жылғы колледж түлегі, колледждің құрметті профессоры Титенков Леонид Петрович, ал қарсыластардың капитаны – үшінші курс

Пстуденті Кашанов Жансеит. Ойын үш турда өтті, ойынның соңында жеңімпаздар анықталды. Жеңімпаздар колледждің медалімен және мақтау қағазымен марапатталды. Іс-шара соңында колледж гимні орындалды.