Body: 

Көк туымыз көгімізде желбіреп, әнұранымыз асқақтаған Егемен еліміздің ертеңі мен келешек ұрпағы жастарға арнап ҚР Тұңғыш Президенті биылғы 2019 жылды – «Жастар жылы» деп жариялады. Ұлы ойшыл Әл-Фарабидің «Елінің болашағын білгің келсе, маған оның жастарын көрсет» -деген дана сөзін басшылыққа ала отырып, біздің болашағымыздың негізін қалаушы жастар - төл тарихын жетік білетін, бағалайтын және мақтан ететін, ұлттық өркениетті рухта тәрбиеленуі тиіс.
Осыған орай, жастарымыздың бойына егеменді елімізге деген отансүйгіштік қасиеттерін ұялатуға үлес қоса отырып, 2019 жылғы 29 қарашада 75 жылдық мерейтойлық тарихы бар Жоғары колледждің «75- игі істер» іс-шаралары аясындағы «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты VII дәстүрлі жас ақындар мүшәйрасы Нұр-Сұлтан қаласының техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері студенттерінің арасында ұйымдастырылды. Жас ақындар мүшәйрасының мақсаты- кемел ойлы, кемеңгер тұлға ҚР Тұңғыш Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлының өмір жолы, егемендігімізді еңселі, тәуелсіздігімізді тұғырлы етудегі ерен еңбегі, оған деген құрмет пен тағзымы, риясыз сүйіспеншілігін өлең –жырларына арқау ете отырып дәріптеу. Сонымен қатар жас ақындардың өз қаламынан туған жүрек жарды жырларын көпшілікке ұсыну болды.

Бұл іс-шара ҚР Тұңғыш Президент күніне орай «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты біріңғай ашық сабақ өткізуден басталды. Онда еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси қызметі туралы бейнеролик көрсетілді. Дәріскер ретінде Нұр-Сұлтан қаласының мәслихат депутаты, саяси ғылымдарының докторы, колледж директоры Гаипов Зулфухар Сұлтанұлы сөз сөйледі.
- Қадірменді жырсүйер қауым! Сіздерді ҚР Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ақынын аялаған, өнерлі ұл – қызын ерекше бағалаған қазақ халықтың рухы – өнерімен бірге жасай берсін!-дей отырып, жас ақындарымызға сәттілік тіледі.
Ұлт көшбасшына арналған сабақ қалалық жас ақындар мүшайрасымен жалғасты. Бүгінгі жыр мүшәйрасына арнайы шақыртылған кеш қонағы- Сарыарқа ауданының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы М.С. Имашеваға сөз берілді. Келесі сөз кезегі Қазақстанның «Құрметті теміржолшы», колледж түлегі Айтбеков Берік Сағындықұлына берілді.
Олар өздерінің құттықтау сөздерінде Тәуелсіз Қазақстанның өркендеуі жолындағы Елбасының еңбегін айта отырып, жастарға үлгі етті. Осы ұйымдастырылған іс- шараға атсалысқан ақындарға және қатысушыларға алғысын білдіріп, сәттілік тіледі.
Жыр додасына қазылар алқасының мүшелері ретінде белгілі ақындар арнайы шақыртылды. Атап айтар болсақ,
1.Бауыржан Қарағызұлы – ақын, «Мәдениет порталы» ақпараттық агентігінің құрылтайшысы және бас директоры, қазылар алқасының төрағасы.
2.Мұңсызбай Дүйсенұлы – ақын, тіл жанашыры, Нұр-Сұлтан қаласы техника-экономикалық колледж директорының орынбасары, қазылар алқасының мүшесі.
3.Алпамыс Бауыржанұлы – ақын, Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдығына арналған республикалық мүшәйраның «Құлагер-Қаламгер» медальінің иегері, «Евразия» телеарнасындағы «Қайырлы таң» бағдарламасының тілшісі, қазылар алқасының мүшесі.
Іс-шараға қала колледждерінің 160 студенті, 40 оқытушы, сондай-ақ Нұр-сұлтан қаласының Білім басқармасы, Сарыарқа ауданы әкімдігі, "Астана жастары"КММ, колледж директорлары қатысты. Сонымен бірге, Нұр-Сұлтан қаласының 14 колледжінен 27 жас ақындары қатысты.

Мүшәйра екі кезеңнен тұрады:
1-кезеңде жас ақындардың тақырыпқа сай әзірлеген өлеңдері іріктеуден өткізілді, 2-ші кезеңге жіберілді.
2-кезеңде іріктеуден өткен жас ақындардың өлеңдері сахнада орындалды және бағаланды.
Қазылар алқасы ақындардың өлеңдерін іріктеу барысында шығарманың тақырыбына мән беріп, мазмұны мен көркемдік сапасына назар аударды. Ақындар арасынан үздіктерді таңдау қазылар алқасына оңайға түскен жоқ. Қазылар алқасының төрағасы Бауыржан Қарақызұлы: - «Бүгін қаншама дарынды жас ақындарды көрдім»-дей отырып, жыр жүректің жауҺары екенін ұғынып, сөз қадірін ұлықтаған, жыр жолдарының маңыздылығын, ақындардың өлең- жыр өрнектеудегі өзіндік ізденістерін атап өтіп, студенттер арасынан үздік өнер көрсеткендерге арнайы орындарды белгіледі.
Байқау нәтижесі бойынша келесі жеңімпаз студенттерге мақтау қағаздары және бағалы сыйлықтар берілді:
Бас жүлде - Гуманитарлық колледждің студенті Ж.Жолдымұратқызына берілді, «Үздік ақын» төсбелгісі, МІ маркалы байланыс сағаты, диплом;
І-орын – Жоғары медициналық колледжінің студенті А. Құлмахановаға берілді, «Жас ақын» төсбелгісі, МІ маркалы байланыс сағаты, І дәрежелі диплом;
ІІ-орын – Жоғары көлік және коммуникация колледжінің студенті Ә. Құрманаеваға берілді, «Жас ақын» төсбелгісі, сымсыз құлаққап, ІІ дәрежелі диплом;
ІІ-орын – Медико-техникалық колледжінің студенті Е.Ермекұлына берілді, «Жас ақын» төсбелгісі, сымсыз құлаққап, ІІ дәрежелі диплом;
ІІІ-орын – Менеджмент және бизнес колледжінің студенті С.Авилға берілді, «Жас ақын» төсбелгісі, ұялы телефон, ІІІ дәрежелі диплом;
ІІІ-орын – Жоғары көлік және коммуникация колледжінің студенті М.Оразайға берілді, «Жас ақын» төсбелгісі, ұялы телефон, ІІІ дәрежелі диплом берілді.
«Көрермендер көзайымы» номинациясын - Жоғары көлік және коммуникация колледжінің студенті А.Алипбек; «Шығармашыл жас ақын» номинациясын- Е.Қаржаубай, «Жаңашыл жас ақын» номинациясын- Қ.Тұрғынбек иеленді, барлығына ұялы телефон берілді.
Жүлделі орындарды жеңіп алған жеңімпаздарға алғыс білдіре отырып, Олардың жетекшілеріне алғыс хаттар, жалпы қатысушыларға сертификаттар, жыр мүшәйрасының өлең-жырларының жинағы табысталды.
Салтанатты іс-шара көркемөнерпаздардың концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

Педагогика ғылымдарының магистрі С.А. Алимова