Body: 

17 қаңтар күні колледждің 75-жылдық мерейтойына арналған «Жылы лебізім колледжге арналады» атты тәрбие сағаты бекітілген топтарда өтті. Мақсаты – колледжіміздің кешегісі мен бүгініне тоқтала отырып, студенттердің тілектерінен шаттық алаңын құру. Аталған тәрбие сағатына Топ жетекшілер жақсы дайындалып, колледж тарихынан мол ақпарат беріп, және бүгінгі білім ордасының болашаққа бағыт ұстанған дара жолына тоқталды. 2019-2020 оқу жылында колледжіміздің қол жеткізген толағай табыстары да аталып өтті. Топ сағатының соңында студенттер колледжге деген тілектерін, қуаныш лебіздерін жазып, плакаттарға жабыстырып, көңілді атмосфера орнады.
.... «Менің колледжім – менің Алтын ордам», «Ешқашан да жалындаған отың сөнбесін», «Колледжім менің, жасасын!», «Мен болашақ көлік инспекторымын! Осы мамандықты берген колледжіме мың алғыс!», «Бас қаламның бас колледжі ... Мерейтойыңмен!»
«У колледжа уж скоро юбилей,
В такую дату искренне желаю
Студентов лучших,
И пусть потоки не иссякают»,- деген тілектер арнайы құттықтау алаңынан орын алды.
Жалынды студенттеріміздің ақ жарқын тілектеріне алғыс білдіреміз!

А.Е.Дюсекова