Body: 

2020 жылғы 21 қаңтарда колледждің мәжіліс залында "Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару"," Темір жол құрылысы. жол және жол шаруашылығы", "Тасымалдауды ұйымдастыру және көлікте қозғалысты басқару (салалар бойынша)" мамандықтары бойыынша 4 курс студенттерінің өндірістік-технологиялық тәжірибесінің қорытындысы бойынша конференция өтті.
Конференция жұмысына әлеуметтік серіктестердің өкілдері, өндіріс практикасының жетекшілері С. И. Шевченко - "Темирсервисастана" ЖШС өндірісті ұйымдастыру және операциялық қызмет жөніндегі директордың орынбасары"», Беркенов С. Е. - "ҚТЖ"ҰК"АҚ филиалы директорының орынбасары- Ірілендірілген Астана жол дистанциясы, Құдайбергенов Т. - "ТИФА" логистикалық компаниясының бас директоры, осы мамандықтардың 3 және 4 курс студенттері қатысты.
Конференцияны колледж директорының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары О. Х. Жүніспеков ашты, ол өзінің құттықтау сөзінде қатысушылардың назарын жоғары кәсіби маман болу үшін өндірістік тәжірибенің маңыздылығына аударды және болашақ түлектерге дипломдық жобаларды орындауда және оларды қорғауда табыс тіледі.

Әлеуметтік серіктестер өз баяндамаларында студенттердің теориялық дайындығының жоғары деңгейін, олардың табандылығы мен жаңа практикалық дағдыларды меңгерудегі қабілеттерін атап өтіп, болашақта біздің колледж түлектерімен өз қатарын толықтыруға үміт білдірді. 4Д-116 тобының студенттері Зенурова К. және Кильдыбаева М., 4Д-216 тобының студенттері Жакенова А., Жаңабай М., Амангельды А., 4С-216 тобының студенттері Балташев Д., 4ОПУД-216 тобының студенті Абденова Ж. өндірістік тәжірибелері туралы өз баяндамаларын ұсынды. Іс-шара барысында студенттер меңгерген тәжірибелері, тәлімгерлердің жақсы қарым-қатынасы туралы өз әсерлерімен бөлісті. Конференция соңында студенттерген деген жақсы қарым-қатынасы үшін қонақтарға алғыс білдіріп, естелік сыйлықтар табыс етті.

Арнайы пәндер оқытушысы Видергольд Р. И.