Body: 

5 ақпан күні колледждің 75-жылдық тарихына арналған «Мамандық – өмір таңдауы» атты мерекелік іс-шара өтті. Мақсаты – колледжіміздің 75-жылдығын атап өту аясында тарих беттерінен сыр шерту. Бөлімге қарасты мамандықтардың маңыздылығына, қажеттілігіне тоқталу және өнер көрсету.
Мерекелік іс-шараға №30, 61 мектептердің 9 сынып оқушылары көрермен болып қатысты. Сонымен қатар колледж түлектері - «Жайнақ» станциясы бойынша кезекші маман Абельдин Абай Кайратович, «Астана жол дистанциясының» жетекші инженер қызметінде жұмыс жасайтын - Бекенова Ардақ Бекайдаровна, «ҚТЖ Жүк тасымалы» АҚ филиалы «ЖТ Ақмола бөлімі» Нұр-Сұ лтан станциясы– аға жүк қабылдап тапсырушы Бахытхан Амангелді қатысты.
Директорымыз Зулфухар Сұлтанұлы алғы сөзінде колледждің 75 жыл тарихына тоқталды. Колледждің оқу процесі мен тәрбие жұмысының даму қарқынын айтып өтті. Зулфухар Сұлтанұлы ертең талапкер атанатын оқушыларға да жылы сөздерін арнады.
1203000 «Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару», 0520000 «Логистика», 1206000 "Жол қозғалысын ұйымдастыру", 1409000«Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы», 1106000 «Теміржол жылжымалы құрам өндірісі» бөлім студенттері өнерлерімен көрермендерді сүйсіндірді. Бөлімге қарасты мамандықтарды студенттер таныстырып қана қоймай, сабақ барысында жасалатын макеттерді бейнефильмде көрсетті. Арнайы залда макеттер көрмесі ұйымдастырылып, көпшілікке оның жасалуы мен маңыздылығы баяндалды. Макеттер, әсіресе, қонақ болған оқушылардың қызығушылығын тудырды. Мерекелік іс-шарада қазақтың қара домбырасымен күй тартылып, талантты студенттердің орындауында бірнеше ән де шырқалды.
Аталған мерекелік концерт колледжіміздің 75-жылдық мерейтойына арналды. Екі бөлімнен тұрған іс-шараның 1-бөлімі ақпараттық-танымдық болса, 2-бөлімі колледждің қызықты өмірінен сыр шерту болды.
Ұйымдастырушы топтың ең басты мақсаты – «Менің колледжім – менің мақтанышым!» студенттер қозғалысын келесі бөлімдерге тарту ету.