Body: 

2020 жылғы 12 ақпанда "Атамекен" жұмыспен қамту орталығының өкілдері 1410000 "Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы" және 1107000 "Көтергіш-көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтарын теміржол көлігінде техникалық пайдалану" мамандықтарының түлектеріне арнайы кездесу ұйымдастырды.
Кездесу барысында Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары А.А.Есентемиров - Мобильді жұмыспен қамту орталықтары, ондағы бос жұмыс орындары туралы айтып өтті.
Сондай-ақ, ол бизнес-жоспар жасауға, бизнесті жүргізуде қаржыландыру және одан әрі көмек пен қолдау көрсететінін айтты. Менеджер-кеңесшілері түлектерге сауалнама жүргізу арқылы түлектердің жоғары оқу орындарында оқуын жалғастыруы немесе жұмысқа орналасуы, әскер қатарына қабылданғысы келетіндері туралы жоспарлары мен ақпараттарын білді.Түлектер менеджер-кеңесшілерден жұмысқа орналасу бойынша өздерін қызықтыратын сұрақтар бере отырып, қанағаттанарлық жауаптар алды. Менеджер-кеңесшілері тікелей кәсіпорында жүргізілетін қысқа мерзімді оқыту курстарына жазылуға болатынын түсіндірді. Мұндай оқыту ұзақтығы алты айға дейін созылады, шәкіртақы және одан әрі жұмысқа орналастыру қарастырылған. Кездесудің соңында компанияның өкілдері ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Кәсіптік бағдар беру және жұмыспен қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі М. А. Ибраева