Body: 

2020 жылдың 03-13 ақпан аралығында колледжде "Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы"онкүндігі өтті. Декада аясында колледжде түрлі іс-шаралар жоспарланды. Декаданың ашылуында студенттер және өзін-өзі тану пәні оқытушыларының ізгі тілектері айтылды.Колледж кітапханашысы Г.Б.Жунусова "Мейірім төгетін ана" атты С.А. Назарбаеваның қайырымдылық жұмыстары туралы кітап көрмесін ұйымдастырды. Балалар көрме материалдарымен үлкен қызығушылықпен танысты. Осы күні 2 курс студенттері "Қайырымдылық -жер бетінде!» флешмоб өткізді. 4 ақпан күні студенттердің ана, мейірімділік, бейбітшілік және достық туралы шығармашылық жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды. Ең үздік жұмысы үшін 1ЭН-119 тобы І дәрежелі диплом, 2 орын 1 Л -119 тобы, 3 орын 1ЭМ-319 тобы иеленді. Белсенді қатысқаны үшін 2ЭТС-218 тобы дипломмен марапатталды. 05 ақпанда Жоғары көлік және коммуникация колледжі "Тұтас педагогикалық үрдістегі "Өзін-өзі тану" адамгершілік - рухани білім беру бағдарламасы бойынша қалалық семинар өткізді.Бұл іс-шарада Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскерлері, "Өрлеу "БАҰО" АҚ филиалының өкілдері, "Жүректер үндестігі" өзін –өзі тану пәнінің педагогтары ассоциациясының мүшелері, Нұр-Сұлтан қаласының өзін –өзі тану педагогтары өз баяндамаларын оқыды06 ақпанда 1-2 курс студенттері «Руханилықтың мөлдір бұлағы" атты эссе жазу байқауы өткізілді. Эссе жазу қорытындысы бойынша 1 орынды Жакпаров Мирас 1 РЭС -119 тобы), Елтайұлы Асылбек (2ППС – 218), және Фомина Ксения (1 ЭМ -119), 2 орынды ЕркенДинмухамед (1 РЭС -119), Өмірбек Армангүл (1 ОПУД -219), Жексенбаева Аяжан (2 ЭМ - 118), 3 орынды Гололобова Виктория (1 ЭМ – 319), Алиев Мухтар (1 ЭН – 219), Ақбыик Рабия (2 РЭС -118), сонымен қатар, Сағынбек Қасиет (2 С -218), Сайлауова Аружан (1 ОПУД -219), Гафуров Дильшод (2ПОВТ -118) иеленіп, жұмыстары белгіленді.07 ақпан күні Сейтмұрат Нұрболат Сейқалиұлының жетекшілік еуімен "Ән көңілдің ажары" атты фестиваль өтті. 1 орын Әсемхан Әдемі (1 РЭС – 419 Б), 2 орын-Сайпідін Ерхан (2 РЭС -418), 3 орын - Сагитов Фархат (2 ППС -218), белсенді қатысқаны үшін Өмірбек Армангүл (1 ОПУД -219) диплом алды. Қатысушылар мен көрермендер осы іс-шаралардан көптеген жағымды эмоциялар алды. 10 ақпан күні 2 курс студенттері арасында патриоттық, адамгершілік, қайырымдылық туралы пікірталас өткізу жоспарланған. Екі команда да өз ойларын нақты және логикалық түрде жеткізе білді, өз құқықтарын дәлелдей алды. Дебаттың ұйымдастырушысы Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Бақыт Ұланбек. Іс-шара үлкен тәрбиелік мәнге ие болды, сонымен қатар өзара сыйластық, әдептілік, өзара көмек пен патриотизмді қалыптастыруға ықпал етті.12 ақпан күні барлық білім беру ұйымдарында бір кезеңде "Махаббат – өмір негізі" атты жалпы республикалық ашық сабақ өткізілді. Онкүндік барысында "Мейірім" еріктілер клубының қайырымдылық акциясы жұмыс істеді. Барлық қарт адамдардың үйлерін қардан тазарту жұмыстарын ұйымдастырды.Онкүндіктің қорытынды кезеңінде 13 ақпанда салтанатты жиын өткізілді. Байқауға, көрмелерге қатысып, ерекше көзге түскен студенттерге грамоталар мен дипломдармен, ал оқытушыларға алғыс табысталды.Жалпы Онкүндік декада сәтті өтті деп санауға болады. Колледжде мейірімді, позитивті атмосфера орнады. Іс-шараға студенттер ғана емес, педагогтар, ата-аналар, сондай-ақ колледждің барлық қызметкерлері де қатысты. Балалар өздерінің жүректерін мейірімділік, жылу мен қуанышпен толтырды.

Әдіскер С. Хайруллина