Body: 


«Екі жұлдыз - 2020!»


Ақпан айының 24 күні Жоғары көлік және коммуникация колледжінде колледждің 75 жылдық мерейтойы қарсаңында дәстүрлі «Екі жұлдыз» байқауы өткізілді. Биылғы жылғы байқаудың басты тақырыбы Ұлы Отан соғысының аяқталуына 75 жыл толуына арналды. Жыл сайын ұстаз бен шәкірттің арасында тығыз байланыс орнатып, ерекше көңіл күй сыйлайтын байқауға, осы жылы сегіз жұп қатысып бақтарын сынады. Екеу ара соғыс жылдарындағы әндерді көпшілікке жеткізіп, жүректерінен орын табуға тырысқан дуэттер берілген ортақ тақырыпты шыңына жеткізе орындады. Жүлдеге дәмелі жұптар көрініс қойып, бейне роликтермен қаһарлы соғыс жылдарының естеліктерімен көрермендер көңілінен шықты.
Көрерменге «Әсем ән мен тәтті күй» сыйлаған Лира Қасқырбайқызымен Алданаш Аяжан қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені қанжығаларына байлады. Ал Бағдат Берікұлы мен Мирнибеков Арманбек І-орынды, Қайратова Назира мен Әсемхан Әдемі ІІ-орынды иеленіп, Жазира Боранбайқызымен Адал Асхат ІІІ-орынды місе тұтты. Өзге қатысушылардың барлығына алғыс хаттар мен гүл шоқтары табысталды. Сайыс шымылдығы өткен жылдары бас жүлде алған жұптардың орындауындағы «Екі жұлдыз» әнімен жабылды.


Жастар комитетінің инспекторы Ұ. Бақыт