Body: 





Отступ первой строки




Академиялық адалдық және этика кодексі туралы кездесу

2021 жылғы 20 қаңтарда ANTICOR.LIVE жобасы аясында «Академиялық адалдық және этика кодексі» тақырыбында Facebook арқылы тікелей эфир өткізілді. Іс-шараның мақсаты: ата-аналар қоғамдастығын академиялық адалдық кодексімен таныстыру және оқушылардың бойына адалдық, жауапкершілік және адамгершілік сияқты қасиеттерді сіңіру, сондай-ақ жастардың арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Кездесудің спикері - саяси ғылымдарының докторы, Жоғары көлік және коммуникация колледжінің директоры Зулфухар Сұлтанұлы Гаипов. Іс-шараның модераторы - Жастар ісі жөніндегі комитеттің инспекторы Бақыт Ұланбек. Тікелей эфирге оқытушылар, студенттер, ата-аналар және басқа қызығушылық танытқандардың барлығы қатысты.
Зульфухар Сұлтанұлы өзінің баяндамасында «Студенттің және қызметкердің этикасы», «Академиялық адалдық» ұғымдары туралы түсініктеме берді, академиялық адалдықтың бұзылу түрлері туралы және оның сақталмағаны үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін екендігін айтып өтті.
Колледждің миссиясы - көлік және логистика, энергетика және байланыс салалары бойынша мамандарды даярлау саласында тұтынушыларға сапалы және бәсекеге қабілетті қызметтерді ұсыну. Ол үшін студенттердің де, оқытушылардың да академиялық адалдық қағидаттарын ұстануы, сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру маңызды.
Академиялық адалдық қағидаттарын сақтау - табысты және сапалы білімнің кепілі. Колледж басшысы студенттердің назарын адамның төрт негізгі құндылықтарына аударды, олар адалдық, парасаттылық, әділдік және сенімділік.
Білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жою мақсатында құрылған «Sanaly urpaq» жобасы аясында колледждегі кезекті оқу жылының ішінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер департаменті, Нұр-Сұлтан қаласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаменті өкілдерін шақыру арқылы студенттерге арналған түрлі іс-шаралар өткізіледі.
Сонымен қатар, осындай кездесулер кезінде студенттерге колледждің академиялық саясаты, академиялық адалдықтың негізгі ережелері мен қағидалары, ішкі тәртіп ережелері және осы ережелерді бұзғаны үшін қолданылатын жаза түрлері туралы түсіндіріледі.
Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлық- қызметтің барлық салаларында үлкен қауіп төндіретінін түсінуі керек. Сыбайлас жемқорлықпен табысты күрестің кілті - бұл мемлекеттік институттар мен заңдардың жұмысы ғана емес, сонымен қатар бұл әлеуметтік құбылыстың тиімсіздігін әрбір азамат айқын білуі тиіс.




Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Мырзагалиева