Body: 





Отступ первой строки


Білім және ғылым министрі А.Қ. Аймағамбетовтың 2020 жылғы 13 тамыздағы "Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін жүзеге асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы" №345 бұйрығы және Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Е.А.Қиясовтың 2020 жылғы 25 желтоқсандағы "Шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы" №68 қаулысына сәйкес, Жоғары көлік және коммуникация колледжінің (бұдан әрі-Колледж) Студенттер үйінде тұратын студенттерге арналған іс-шаралар АЛГОРИТМІ

1. Колледждің Студенттер үйлерінде рұқсатнама режимі тағайындалды.
2. Студенттер үйінен шығуға рұқсат тек оқу сабақтарына қатысуға және ерекше жағдайларда ғана жол беріледі.
3. Студенттер үйінің ғимараттарына бөгде адамдардың кіруіне және одан шығуына жол берілмейді.
4. Қашықтықтан оқыту форматы кезінде студенттер үйінде тұратын адамдар азық-түлік дүкендері мен дәріханаларға сатып алу үшін шығу жолдарын қоспағанда, тұрақты тұратын жерлеріне немесе өзге де орындарға баруға тыйым салынады.
5. Студенттер үйінен уақытша шыққан кезде студент колледжге жазбаша түрде хабардар етеді, онда Студенттер үйінен шыққан уақыты, қайтып оралған уақыты және баратын жері көрсетіледі.
6. Колледж ата-аналарды (заңды өкілдерді) кәмелетке толмаған білім алушының Студенттер үйінен кеткені туралы хабардар етеді.
7. Колледж Студенттер үйінен шыққаннан кейін және қайтып келген күннен бастап 14 күнтізбелік күн ішінде білім алушының денсаулық жағдайына мониторинг жүргізеді.
8. Колледждің Студенттер үйлерінде бос уақытты және өзге де бұқаралық іс-шараларды өткізу тоқтатылады, ғимараттың бөлмелеріне санитариялық өңдеу жұмыстары, белгіленген режимдердің қамтамасыз етілуіне бақылау белгіленеді.