Body: 





Отступ первой строки


Нашақорлық – болашағыңа жасалған қастандық

2021 жылдың 3 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласы Есірткіні бақылау басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Кибатқызы Алия мен колледжіміздің инспекторы, «Нұр-Сұлтан қаласы, «Сарыарқа» аудандық ІІБ ЖПҚБ ЮПБ полиция капитаны Б.Н. Ахметов «ZOOM» қосымшасы арқылы есірткіге тәуелділіктің алдын-алу мақсатында «Нашақорлық – болашағыңа жасалған қастандық» тақырыбында онлайн дәріс өткізді. Дәрісте Алия Кибатқызы есірткінің түрлері, яғни Марихуана, Героин, Кокаин, Экстази туралы толық мәлімет берді. Сонымен қатар, есірткінің адам ағзасына кері әсерін тигізетінін, қазіргі кезде есіткіге көбіне кәмелет жасқа толмаған бозбалалар мен бойжеткендер әуес болатынын айтты. Сондықтан да ерте жастан бастап-ақ ескірткінің зиянды жақтарын білу, түсіну аса маңызды деді. Сөз арасында аға жедел уәкілі ҚР Қылмыстық кодексінде есірткі контрабандасы үшін қандай жазалар қолданатындылығы туралы ескертті.





Әлеуметтік педагог Г.Нұрқабыл