Body: 





Отступ первой строки


«Жас Отан» ЖҚ-ның таныстырылымы

Ағымдағы жылдың 6 ақпаны күні, Жоғары көлік және коммуникация колледжінің 1 курс студенттерімен, «Жас Отан» ЖҚ-ның таныстырылымы өткізілді. Еліміздегі жастарымыздың басын қосып, бір арнаға жиа білген «Жас Отан», республикадағы белсенді құрылымға айналды. Алып атыраптағы жастарымызды жан жақты қолдап қана қоймай, ел басына қатер төніп, оқыс оқиғалар орын алғанда, белсенді жастар алғашқылардың бірі болып көмек көрсетуде. Мақтаралдағы су тасқыны, Арыстағы жарылыс, еліміздегі карантиндік жағдай бәрі бәрінде елі үшін еңбек еткен патриот жастар жақсылық жасауда өзгелерге үлгі бола білді. Осындай белсенді, әрі берекелі жастарымыздың тыныс тіршілігімен танысып, алдағы жоспарларын білу мақсатында өткен кездесуге колледжіміздің барлық бірінші курс студенттері белсене қатысты.
ZOOM платформасында онлайн түрде өткен кездесуде Нұр-Сұлтан қаласы «Есіл» аудандық филиалының төрағасы Бекетов Даниярмен, колледжіміздің 3 курс студенті «Жас Отан» ЖҚ қалалық филиалының белсендісі Хисматулин Дамир сөз сөйлеп, студенттердің сұрағына жауап берді.





Жастар комитетінің инспекторы Ұ.Бақыт