Body: 





Отступ первой строки


«ӘДІЛ СӨЙЛЕП, АДАЛ ЖҮР!» СУРЕТТЕР БАЙҚАУЫ

Ағымдағы жылдың ақпан айында Жоғары көлік және коммуникация колледжінде 1-2 курс студенттері арасында «Әділ сөйлеп, адал жүр!» тақырыбындағы суреттер байқауы өтті.
Байқауды өткізудің мақсаты - өскелең ұрпақтың арасында жалпыға бірдей еңбек, адалдық және сатылмаушылық идеяларын мінез-құлық нормасы болуы қажет деп түсінуін тарату.
Өз жұмыстарында студенттер өзінің еңбегіне деген шыншылдық қатынас, адалдық, параға төзбеушілік туралы білімдерін бейнелеген. Байқаудың соңында суреттер көрмесі ұйымдастырылды.
Байқауға келіп түскен жұмыстарды саралап, қорытындылау нәтижесінде келесі жеңімпаздар анықталды:
І орынды 1ПОВТ-220 тобы, ІІ орынды – 1ТЭТР-220 тобы және ІІІ орынды 1ОДД-220 тобы иеленді.
Өскелең ұрпақта сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша колледжішілік жоспарды жүзеге асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және қоғаммен ынтымақтастық бойынша, студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін және оның кез-келген түріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға, құқықтық сауаттылықты арттыруға, жастарды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге бағытталған жүйелі жұмыс жүргізіліп отырғандығын атап өту керек.





«Адал ұрпақ» клубының жетекшісі Г. Чалгинбаева