Body: 





Отступ первой строки


Ана – ғұмыр, ана – жыр, ана – өмір шуағы!

2021 жылғы 5 наурызда Жоғары көлік және коммуникация колледжінде жыл сайынғы дәстүрлі түрде аталып өтетін, көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ана – ғұмыр, ана – жыр, ана – өмір шуағы» мерекелік іс-шара онлайн түрінде ZOOM платформасында өткізілді.
Аяулы аналар мен айдай көркем аруларымызға арналған кеште ұжым басшысы Зулфухар Сұлтанұлы барлық аналар мен қыздарды мерейлі мерекелерімен шын жүректен құттықтап, әр үйдің алтын діңгегі болған аналарға қанша құрметпен сый көрсетсек те аздық ететінін, аналар осынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің ажары және көркі екенін айтты. Осы жүрек жарды лебізінен соң, заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтың «Ана бір қолымен бесікті тербетсе екінші қолымен әлемді тербетеді» деген қанатты сөзімен ойын түйіндей келе, барша әйелдер қауымын мерекелерімен құттықтады.
Кеш барысында, еліміздің білім беру саласына үлес қосқан колледж оқытушыларын – ҚР Білім және ғылым министірлігінің, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің, Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы және колледж директорының Құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табысталды.
Мерекелік концертке ұласқан, кештің көрігін қыздырған кәсіби әншілердің өнері мен қыл қобызда ойналған әуен ұстаздарымызға қатты ұнады.
Мерекелік кеш соңында колледждің көркемдік жетекшісі, «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісінің иегері - Нұрболат Сейтмұратов «Анаға сый» өлеңін орындады. Мерекелік концерттен құшақтары гүлге, көңілдері әнге толған ұстаздарымыз - колледж басшысы мен ұжымның ер азаматтарына зор алғыстарын білдірді.






«Жастар» комитетінің инспекторы Бақыт Ұланбек