Body: 





Отступ первой строки


«ANTIPARACRAFT-2021» КВЕСТ ОЙЫНЫ ӨТТІ

2021 жылдың 3 наурызынан бастап Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің бастамасымен «AntiParaCraft-2021» квест-ойыны Жоғары көлік және коммуникация колледжінде ұйымдастырылып өтті.
Квесттің мақсаты – жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық ұстанымды қалыптастыру үшін қажетті қабілеттерді дамыту және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуді насихаттау.
Квест барысында тең шарттар принципі сақталды, яғни, барлық қатысушылар бірдей ақпарат көлеміне ие және квест тапсырмаларын өту кезінде тең жағдайда болды.
Квест ойынына қатысуға колледж бойынша барлығы 5 адамнан тұратын бес команда тіркелді. Олар:
- 1РЭС- 320Б тобы, капитаны Қалау Әділ;
- 3ЭМ-418 тобы, капитаны Ибраева Айнұр;
- 1ЭН-220Б тобы, капитаны Амантай Данияр;
- 1РЭС-420Б тобы, капитаны Сарқытбаев Дамир;
- 3 ППС-218 тобы, капитаны Абдрахманов Айдабол.
Ойынның тапсырмалары сайтта орналастырылды. Қазіргі пандемия жағдайын, студенттердің денсаулығына қауіпсіз квест ойнату мақсатын ескере келе, таза ауада және онлайн форматта орындау мүмкіндігін бар тапсырмалар таңдалды.
Тапсырмаларды жылдам және ең көп ұпаймен орындаған 3ЭМ-418 тобы құрған «TABOO» командасы жеңіске жетіп, «Колледждің ең үздік командасы-2021» дипломымен марапатталды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Колледж студенттерін және қала қонақтарын сайтқа салынған тапсырмалар бойынша квест ойнауға шақырамыз!









«Адал Ұрпақ» клубының жетекшісі Г.Чалгинбаева