Body: 





Отступ первой строки


Қайырымды істер марафоны жалғасуда...

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында қайырымды істер марафоны жалғасуда. 2021 жылдың 18 наурыз күні Жоғары көлік және коммуникация колледжінде Наурыз мейрамына арналған іс-шаралар жоспары аясында «Игі істер күніне» орай «Қайрымды істер марафоны» аз қамтылған отбасы балаларына арналған мейірімділік челленджі өтті. Осы шара аясында колледж әкімшілігі аталмыш санаттағы студенттерге азық-түлік себеттерін таратты. Колледж директоры Зулфухар Сұлтанұлы балаларды Ұлыстың Ұлы күні мейрамымен құттықтай отырып, балаларға жылы лебіз бен ыстық ықыласын білдірді. Өз кезегінде студенттер колледж директорына және ұжымына қамқорлықтары үшін алғыс білдірді!




Әлеуметтік педагог Г.Нұрқабыл