Body: 





Отступ первой строки


«Мейрім» волонтерлық клубының игі ісі

Игі іспен айналысу, адамдарға жақсылық жасау – халқымыздың көне заманнан келе жатқан дәстүрі. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» айтқанындай ата-бабамыз Жоғары көлік және коммуникация колледжінің «Мейрім» волонтерлық клубы игі іс жасады. 28 наурыз күні клуб еріктілері Күлтегін 19/1 мекен-жайында тұратын 90 жастағы Вера әженің ауласын қардан тазартып, көмек көрсетті. Колледж студенттері қарт ананың ауласын жөнге келтіріп, көктемгі қар еру кезінде болатын қолайсыздықтардың алдын алды. Үй сыртын жауып қалған қардан арылтып, бау бақшасын бөлген шарбақтарды жөндеді. Жастардың өзіне көрсеткен құрметі мен көмегіне риза болған әжей ақ батасын беріп, тәлімді шәкірттер тәрбиелеп отырған колледж ұжымына зор алғысын айтты.
Колледжде жүйелі түрде жұмыс жасап жатқан «Мейрім» волонтерлық клубы жалғыз басты аналарымыз бен қарттарға әрдайым көмек қолын созып келеді. Бүгінде колледждің 150 студенті клуб мүшелігіне қабылданып, қоғам игілігіне қызмет етуде. Еріктілер клубы мұқтаж жандарға көмек көрсетіп қана қоймай жастарымызға үздік үлгі көрсетуде.




"Мейрім" волонтерлық клубының жетекшісі Ұ. Бақыт