Body: 





12 сәуір - Ғарышкерлер күні

2021 жылғы 12 сәуір күні Ғарышкерлер күніне арналған педагогикалық және студенттік ұжыммен мерекелік іс-шара жоспарға сәйкес өткізілді. Іс – шара ZOOM платформасы арқылы онлайн режимінде өтті.
Іс – шараның мақсаты – білім алушыларды тұңғыш ғарышкер мен Қазақстан Республикасының ғарышкерлерімен таныстырып, білім алушылардың Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, еңбекқорлыққа, адамгершілікке, өз елінің батырларын құрметтеуге тәрбиелеу.
1961 жылы 12 сәуірде Қазақстанның "Байқоңыр" айлағынан алғашқы ғарыш кемесі көкке көтерілді. Бұл – адамзат тарихындағы айтулы оқиға еді. Осылайша Юрий Гагарин – әлемнің тұңғыш ғарышкері, ал Байқоңыр – ғарыш аймағына айналды. Одан бергі аралықта қаншама ғарышкер аспан әлеміне сапар шегіп, ғылыми зерттеулер жүргізді. Солардың ішінде Қазақстанның үш өкілі, өз елінің ұлттық батырлары, ұшқыш-ғарышкерлер: Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетовтер де бар. Олардың есімдері Қазақстан тарихы бетіне алтын әріптермен жазылды.
Іс-шараның басында көрермендерге «Байқоңыр – ғарыш аймағы» және «Қазақтың тұңғыш ғарышкері – Тоқтар Әубакiров» туралы бейнероликтер көрсетілді. 2 курс студенті Макажан Думан «Талғат Мұсабаев - Ел мақтанышы» тақырыбындағы баяндамасында Талғат ағамыздың өмірбаяны және марапаттары, ғарышкер туралы қызықты мәлеметтерді айтты.
1 курс студенттері ғарыш және ғарышкерлер туралы өлеңдерін орындады. Іс шара өз мақсатына жетіп, жақсы әсер қалдырды.



Жаратылыстану – математикалық пәндер
кафедрасының оқытушылары