Body: 





Колледжішілік ата-аналар жиналысы

2021 жылдың 28 сәуір күні Жоғары көлік және коммуникация колледжінің тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен 1-2 курс студенттерінің ата-аналарына арналған ZOOM платформасы арқылы ауқымды жиналыс өткізілді.
Ең алдымен кіріспе сөзді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Г. Мырзагалиева бастады. Ол колледжде болып жатқан жаңалықтарымен кеңінен бөлісіп, келе қатысушыларды жиналыстың күн тәртібімен таныстырды. Биылғы ата-аналар жиналысына колледждің директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Есенбекова Алтынай Есенбековна, колледждің педагог-психологы Кулян Абылхаковна Мусинамен қатар «Право» ҚҚ заңгері Баймұқан Азамат Нұрбекұлы мен колледждің медициналық қызметкері Мавленов Абдыманап Абдыхалыкович қатысып күн тәртібінде көрсетілген сұрақтар бойынша кеңіне мағлұмат берді.
Күн тәртібіндегі 1-сұрақ бойынша директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Есенбекова Алтынай Есенбековна сөз сөйледі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 бұйрығына сәйкес коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру жайлы колледж студенттерінің ата-аналарын ақпараттандырды.
2-сұрақ бойынша «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу» тақырыбында «Право» ҚҚ заңгері Баймұқан Азамат Нұрбекұлы баяндама оқыды. Баяндамада тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес саласындағы іс-қимылдың құқықтық негіздері, және мұндай құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілік, аталған саннатағы істер бойынша дәлелдеу мәселелері мен дәлелдемелерді тіркеу тәсілдері қаралатын болады, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықпен байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтарды қарау практикасы мен осы бағыттағы күрестің азаматтық-құқықтық құралдары қаралды.
Денсаулық мәселесі бойынша сөз алған «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» тақырыбы бойынша колледждің медициналық қызметкері Мавленов Абдыманап Абдыхалыкович әңгіме жүргізді. Баяндама барысында "Дұрыс тамақ ішудің тәртібі, рационалды тамақтану - ол тамақтың қуаты мен сапалық химиялық құрамын, қоректік заттардың деңгейлік арақатынастарының тұрақтылығын қортылуын және гигиеналық жағынан тазалығын ескертуді қажет ететіндігін" және "Тамақтанудың негізгі элементтеріне" баса назар аудартылды.
Сөз кезегін алған колледждің педагог-психологы Мусина Кулян Абылхаковна «Отбасы үшін өзімізді сақтайық!» тақырыбында ата-аналарға тренинг өткізді. Отбасы ішіндегі мейірімді қарым – қатынас қалыптастыру негізі – ата-ананың психикалық саулығы. Бала тәрбиесіндегі – отбасы ең үлкен мықты тәрбие ошағы. Баланың адамдық қасиеттері мен әдептілігі, оның болашақта қандай адам болуы өзі туылған отбасында алған тәлім – тәрбиесі мен ондағы қарым – қатынасқа байланысты болғандықтан ата – аналар мен бала арасындағы позитивті қарым – қатынасты құруын үйрету; баламен бірге бірігіп жұмыс жасауын ұйымдастыру үшін арнайы ақпарат беріп, жағдаяттар мен жаттығулар өткізді. Сөз соңында бала бақытының кепілі - ата-ананың өнегелі тәрбиесінде екенін естен шығармау керектігін ескертті.
Жиналыс соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гульмира Галиаскаровна колледже «Таза сессия» акциясы өтіп жатқаны жөнінде ата-аналарға айтып өтті. Бұл акцияның мақсаты білім беру саласындағы жемқорлықтың алдын алу. Студенттермен оқытушылар арасындағы алыс берістің зиянымен жәй жапсары туралы толық мәлімет беріп, ата-аналарға, жастар - жемқорлықтан сақтану керектігін қатаң ескертті. Жемқорлыққа қатысы болған әр адам, яғни алушы және беруші тараптың екеуі де Қазақстан Республикасының ата заңымен жазаланатыны туралы айтып, конституцияның бірнеше баптарына тоқталды.




Педагог-психолог Универкызы Гылым