Body: 





14.03.2022

«Амал келді, жыл келді» әдеби ақпартаттық кеші

2022 жылдың 14 наурызында Нұр – Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» МКК кітапханашыларының ұйымдастыруымен, колледж кітапханасында ОДД – 221, ПОВТ-218 топтарымен «Амал келді, жыл келді» тақырыбында әдеби ақпараттық кеші өткізілді.

Іс шара барысында Жыл басы науырыз мейрамының бастауы көрісу күніне орай мерекенің шығу тарихы мен мақсаты жайында ақпарат беріліп, көрісу рәсімі жасалып ұлттық ойындар туралы бейнеролик көрсетіліп, бес асық және сақина салу ойыны ойнатылды. Мерекеге орай шараға қатысушы студенттер бір біріне жылы лебіздерін, тілектерін білдірісіп, күй шырқалып ән салынды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мырзағалиева Гүлмира Ғалиасқарқызы студенттерге мерекеге орай құттықтау тілегін білдірді. Ұлттық тағамдардан дастархан жайылып студенттерге ұсынылды.

Кештің соңында «Құт, береке дарыған – Науырыз тақырыбында кітап көрмесіне шолу жасалынды.



Кітапханашы Омарова М.