Body: 





21.05.2022

«Ақпараттық кабельдік желілер» бойынша WorldSkills чемпионатының қорытындысы

2022 жылғы 17-20 мамыр аралығында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Жоғары көлік және коммуникациялар колледжі» МКК алаңында «Ақпараттық кабельдік желілер» құзыреттілігі бойынша WorldSkills Nur-Sultan өңірлік чемпионаты өткізілді.

Қалалық конкурсты өткізудің мақсаты қалада жаппай сипаттағы жұмысшы кәсіптерінің беделін және кәсіби даярлық сапасын арттыру, сондай-ақ WorldSkills Kazakhstan өңіраралық чемпионатына қатысушыларды анықтау болып табылады.

Чемпионаттың тапсырмаларын чемпионаттың бас сарапшысы Нұрасылов Болатбек Есенұлы – АҚ ҰК «ҚТЖ» филиалының Ақмола магистральдық желі бөлімшесі, Астана сигнализация және байланыс дистанциясы аға электромеханигі бекітті. Чемпионтатта сарапшылар С.У. Жантаев, А.Қ. Сүндетова, Әбілқасова Н.А. болды.

Осы құзыреттілік бойынша 5 модуль енгізілді, оның ішінде талшықты-оптикалық қол жеткізу учаскесін құру, құрылымдалған кабельдік жүйелер, оптикалық талшықты дәнекерлеу, құрылғыларды коммутациялау және желіні баптау, ақаулықтарды табу және оларды қалпына сияқты телекоммуникациялық желілердің салалары бар.

Конкурстық жұмыстарды бағалаудың негізгі критерийлері: белгіленген уақыт нормасына практикалық тапсырманы сапалы орындау және еңбекті қорғау талаптарын сақтау.

Барлық қатысушылар қызығушылық танытып, чемпионаттың тапсырмаларын мұқият орындап, телекоммуникациялық желілерде технологиялық операцияларды орындау бойынша кәсіби білімдері мен кәсіби дағдыларын көрсетті.

Алғашқы күннен бастап чемпионат тапсырмаларын орындаудың жоғары сапасы үшін табанды күрес басталып, қатысушылар тапсырмаларды шектеулі уақыт пен интервалдарда орындауға тура келді, ал бұл өте қауырт жұмыс.

Қатысушылар оптикалық және UTP кабельдерін сенімді түрде кесіп, телекоммуникациялық шкаф пен кросстық тіректі монтаждады, оптикалық талшықты дәнекерлеуді орындады, жабдықты орнатты және баптады, байланыс желілері мен жабдықтарға өз бетімен тестілеу жүргізді.

Чемпионат тапсырмаларының қорытындысы ретінде бейнебақылау камерасы қосылған және жұмыс істеп тұрған желі және Wi-Fi желісі бойынша бапталған жабдық болды.

Қатысушылардың жоғары дайындық деңгейінің ең басты дәлелі оптикалық және мысты кабель желісінде ақаулықтарды жоюға арналған қорытынды тапсырма болды.

Чемпионаттың сарапшылары барлық орындалған жұмыстарды мұқият тексеріп, орындалған жұмыстардың жоғары сапасын растады.

Орындалған тапсырмаларды мұқият тексеріп, сапасын бағалағаннан кейін сарапшылар чемпионатты қорытындылады:
Шәріп Дамир ШЖҚ «Жоғары көлік және коммуникациялар колледжі» МКК - 96,5 балл;
Каирбеков «Astana Polytechnic» колледжі - 86,5 балл;
Аргенов Диас ЖШС «Басқару колледжі» - 77 балл.

Өңірлік чемпионаттың жеңімпазы WorldSkills Kazakhstan республикалық чемпионатына жолдама алады.

Бірақ қорытынды баллдарға қарамастан барлық қатысушылар тамаша жарыс тәжірибесіне ие болды және ең бастысы, олар өздерінің жоғары кәсіби деңгейін растады. Ал, бұл оларға өз еңбек жолын құруға және қазіргі Қазақстанның нағыз жасампазы болуға көмектеседі.