Body: 





27.01.2023 г.

«Жастар рухы»!

2023 жылғы 27 қаңтарда «Аманат» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанаты елордалық филиалының ұйымдастыруымен Әлихан Бөкейханов атындағы №76 мектеп-лицей мектебінде «Ұлттық мұра» жобасы аясында «Ұрпаққа аманат» диалог алаңы өтті. Диалог алаңының мақсаты мемлекетіміздің тарихын зерделеуді насихаттау, биылғы жылы аталып өтілетін Шәкәрім Құдайбердіұлы мен Мәшһүр Жүсіптің 165 жылы және Мағжан Жұмабаев пен Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жылдығы аясында айтылды. Кездесу кешке 1 курс студенттері қатысып, студент жастар пікір алмасып, өздеріне қажетті жауаптарын алды. Жастар ісі комитетінің инспекторы Н.Сейтмұратов жетекшілік жасады.