Body: 





23.02.2023 г.

"СӨС үшін еріктілер" спорттық тимбилдингі өткізілді!

23.02.2023 жылы Жоғары көлік және коммуникация колледжінде салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың денсаулығын нығайту, команда мүддесі үшін әрекет ету қабілетін дамыту, өзара көмек сезімін тәрбиелеу мақсатында №3 қалалық емханамен бірлесіп "СӨС үшін еріктілер" спорттық тимбилдингі өткізілді. Жарыс басталғанға дейін жастар алдында Қазақстан спортшылар одағының төрағасы Азамат Қайратұлы Қарлығашев,"sf" ЖШС бас директоры Дмитрий Сергеевич Инютин, олимпиада чемпионы Серік Жұманғалиұлы Сәпиев, бокстан Баркер кубогының иегері Сергей Валерьевич Цырульников, күш нөмірлері бойынша 4 дүркін әлем чемпионы, Гинесс рекордтар кітабының рекордшысы сөз сөйледі. Спорттық тимбилдингке "Астана Профи" колледжі, М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы Ақмола колледжі, Сервис және туризм колледжі профилактика бөлімі қатысты. Барлық командалар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.