Body: 





28.03.2023 г.

Абайдың қара сөздеріне арналған «Еркін микрафон» !

2023 жылдың 28 науырызында ШЖҚ «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» МКК кітапханасында, «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында кітапхана Меңгерушісі Г.Б. Жунусова қазақтың ұлы ақыны, ойшыл Абай Құнанбаевтың шығармашылығына арналған «Еркін микрофон» шарасын өткізді. Іс шараға 1СД – 222 тобының студенттері мен «Орыс және ағылшын тілі» кафедрасының оқытушылары Негметжанова Н.З. және Байболова Ш.Е. қатысты.
Шара барысында Абайдың 45 қара сөзідерінің бейнефильмі көрсетілді. Бұл прозалық поэмада ұлттық тәрбие мен дүниетаным, адамгершілік пен құқық, қазақтың тарихи мәселелері көтеріледі. «Өзге халықтардың білгенін үйрену үшін, олардың арасында тең болу үшін, өз халқыңның қорғаны, тірегі болу үшін оқу керек» (Жиырма бесінші сөз). Абайдың қара сөздері әлі күнге дейін өз құндылығын сақтап, әлемнің көптеген тілдеріне аударылып келеді. Оқушылар әр бейнефильмнен кейін Абайдың қара сөздерін талқылап өз ойларын ортаға салды. Атап айтар болсақ 1- ші және 6-шы қара сөзді Бақыт Дәулет, 7-ші қара сөзді Балмұқан Бекжан, 31- ші қара сөзді Садуақас Рамаззан, 33-шы қара сөзді Ғазиз Аллаберген өз түсіндергені бойынша талқылап берді. Әр азамат Абайдың өара сөздерін біліп қана қоймай, соны өз өміріне пайдаланса қоғам бұдан да жақсы жаққа өзгереді. Абайдың қара сөздері рухани болмыс заңдылықтарының жиынтығы ретінде сақталуы тиіс, өйткені олардың мағанасы бүгінгі күні де маңызын жоймаған.