Body: 





22.06.2023 г.

Колледжіміздің оқытушылары Түркия елінің Анталия қаласында халықаралық біліктілікті арттыру курсына қатысты

2023 жылдың 13-19 маусым күндері аралығында Түркия елінің Анталия қаласында «Түркі дүниесі» түркі халықтарының ынтымақтастығын нығайту бағдарламасы аясында колледжіміздің оқытушылары Канапина А.К., Чалгинбаева Г.С., Бабаева Ш.М., Бекенова А.А., Орынова Ш.Е., Муканова А.К., Нысанбаева М.С. халықаралық біліктілікті арттыру курсына қатысты. Бұл жобаны Қазақстаннан «Алтын ғасыр» оқу орталығы мен Түркиядан «Иксад» халықаралық институты www.iksadinstitute.org бірлесе отырып ұйымдастырды. Екі ұйым арасында ортақ меморандум (келісім шарт) жасалған.
Курс тақырыбы: «Білім саласындағы менеджмент және креативті ойлау қабілетін дамыту»
Курс Анталия қалалық әкімшілігінің қамқорлығымен Бүлент Эжевит мәдениет орталығында өтті.
Ең алдымен проф. Dr. Муалла Билгин Ақсу Түркияның бұрынғы және заманауи ауыл мектептері туралы әңгімеледі. Одан кейін бағдарлама ауылдық институттар көрмесімен жалғасты.
Көрмені аралаудан кейін «Білім берудегі басқару және креативті білім беру әдістері» тақырыбындағы лекциялық бағдарламалар Dr. Есра Карлыова Сойсалдың жетекшілігімен жалғасты.
Қазақстанның әр өңірінен барған Қарағанды Алматы, Астана, Ақтөбе, Қызылорда, Талдықорған мектептері мен колледждерінің өкілдері Түркияның білім беру жүйесі, жаңа педагогикалық технологиялар, шығармашылық ойлау әдістері туралы белгілі түрік ғалымдарының дәрістерін тыңдап, өз ойларымен бөлісті.
Түрік әлемі нұсқаушыларымен тәжірибе алмасу жобасының 22-ші бағдарламасына мұрындық болған Анталия қалалық әкімшілігі, қала тарихы және жариялылық бөлімінің басшысы М. Исмаил Оскай, Туризм филиалының директоры Селма Генчелге және біріккен қоғамдық-бизнес конфедерациясының бұрынғы президенті және Анталия қалалық әкімшілігінің кеңесшісі Мехмет Балыкқа және үлес қосқан барлық команда мүшелеріне алғысымызды білдіреміз.