Body: 





26.06.2023 г.

ЖАС МАМАНДАРДЫҢ «ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫСТАР ЕСЕБІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ҚОРЫТЫНДЫ ПРЕЗЕНТАЦИЯСЫ

2023 жылдың 26-маусымында, колледждің жас мамандарының «Жылдық жұмыстар есебі» тақырыбындағы қорытынды презентациясы өтті.
Қатысушылар «Жас маман мектебінің» іс-шаралар жоспарына, қалалық әдістемелік кабинет жоспарына орай, оқу жылы барысында, атқарған жұмыстарын, әдістемелік тақырыбы мен жеке жұмыс жоспары бойынша атқарылған жұмыстары туралы баяндады.
Сонымен бірге жас мамандар өздері қатысқан конкурстар мен олимпиадалар жайлы ақпарат берді. Өздері сабақ беретін топтардың студенттерінің іс-шараларға қатысуы туралы фото-есеп жасады. Үйірме жұмысы барысында жасалып құрастырылған жұмыстармен және макеттерімен таныстырды.
Есеп беру барысында жас мамандар колледж әкімшілігі мүшелерінің сауалдарына жауап берді.

Әдіскер: Мылтыкбаева Ж.Т.