Body: 

2016 жылғы 23 қаңтарда Астана қаласының Көлік және коммуникация колледжінде эксперименттік жоба аясында мамандарды дайындау бойынша ағылшын тілін меңгерген мамандармен «Speaking club with foreigner. First meeting» кездесу өткізді.

Кеш қонақтары: «Нұр орда» Халықаралық мектебінің ағылшын тілі мұғалімі Карилло Гайардо Вивиана Лорена, Астана қаласы Білім басқармасының Кәсіптік білім беру және кадрлар даярлау бөлімінің оқу-ісі жөніндегі әдіскері, осы жобаны басқарушы Жукенова Бағлан Берденқызы.

Кездесу мақсаты - тілді насихаттаушылармен коммуникативті қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

«Оптикалық және электронды құрал- жабдықтар (түрлері бойынша)» мамандығының эксперименттік 2ОЭО-214 тобының студенттері кеш қонақтарынан өздерін қызықтыратын сұрақтарды беріп, өздері туралы еркін баяндап, белсенді түрде қатысты.

Карилло Лорена оқытушылар мен студенттерге «Ағылшын тілі қысқа мерзімде қарай меңгеруге болады?» атты нұсқаулықтарды берді. Кеш соңында студенттер қонақтармен бірге ағылшын тілінде көңілді әндерді орындады.

Ағылшын тілінде оқытуды одан әрі дамыту бойынша жұмыстар жалғасатын болады.

Директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары Л.И. Матвеева