Body: 

2016 жылғы 23 ақпанда Қазақстан Республикасының Тәуелсізідгінің 25-жылдығына арналған «25 игі іс» акциясы аясында «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалының қолдауымен, көлік және коммуникация колледжінің белсенді жастарының бастамасымен қаламыздағы әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға көмек көрсетілді.

Аталмыш іс-шараның басты мақсаты еліміздің болашағы - жастардың бойына адамгершілік, имандылық, үлкенге құрмет көрсету, патриоттық тәрбие беру сынды ұлттық құндылықтарымызды сіңіру, жастарды еңбек етуге шақыру.

Акция барысында колледж студенттері Өндіріс ықшам ауданы маңайындағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері және жалғыз басты қариялардың үйлеріне барып, үй жұмыстарына қолдан келгенше көмек көрсетті, аулаларын қардан тазартып, көктемге дайындық жұмыстарын жүргізе бастады.

«Қарты бар үйдің - қазынасы бар» демекші, қарияларымыздың арамызда аман-есен жүруіне тілектеспіз. Осындай талапты жастарымыз тұрғанда халық игілігіне арналған игі істер әрдайым жалғасын табатынына біз сенеміз!

А.Мурзабаева