Body: 

«Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалының ұйымдастыруымен 2016 жылдың 23 ақпанында Көлік және коммуникация колледжінде Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Мусаходжаева Айман Қожабековнамен кездесу өткізілді. Колледж ұжымы және студенттерімен кездесу барысында Айман Қожабековна өзінің шығармашылық жолы мен еңбек жолының басталуы және мансаптық өсу сатылары туралы баяндап берді. Сол арқылы студенттерді еңбекқор болуға, мемлекеттің өркендеуіне сүбелі үлес қосуға шақырды. Қазақстанның халық әртісі еліміздің жас азаматтарын мәдени, рухани тұрғыдан тәрбиелеу, олардың бойында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, жастардың білімге, еңбекке құштарлығын арттыру мәселелеріне баса көңіл бөлді.

Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, колледж ұжымының мүшелері мен студенттері тарапынан қойылған сұрақтарға нақты мысалдар келтіре отырып жауаптар берілді. Ұжым мүшелері кездесуге қатысушыларға салиқалы сұхбат үшін алғыс білдірді.

А.Мурзабаева