Body: 

2016 жылғы 29 ақпанда Астана қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен "Гуманитарлық колледж" МКҚК техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының студенттері арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша қалалық олимпияда өткізілді.

Олимпияданың мақсаты-дарынды студенттерді анықтау, олардың интеллектуалды дамуы үшін жағдай жасау, жалпы білім беретін пәндерді оқуға деген қызығушылығын дамыту, сонымен бірге дарынды балаларға жетекшілік ететін оқытушылардың әлеуметтік беделін жоғарылату.

Студенттердің білімдерін бағалауды қазылар алқасының мүшелері ретінде - Астана қаласының Білім басқармасының әдіскерлері және әдістемелік бөлім меңгерушілері, кәсіптік білім беру және кадрларды дайындау бөлімінің жетекшісі, орта арнайы білім беру бөлімінің жететкшісі, қаланың жоғары санаттағы оқытушылары жүргізді.

Олимпиада екі кезеңде өткізілді: теориялық және тәжірибелік. Қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Біздің колледж бойынша 1 курстың 18 студенті қатысты. 1 орынды математика пәні бойынша Кульбаев Диас (жетекшісі- Мырзағалиева Г.Г.) және Қазақстан тарихы пәні бойынша Дедю Валерия (жетекшісі- Журкабаев Б.С.) жеңіп алды. II орынды орыс тілі және әдебиеті пәндері бойынша Жапарова Аружан (жетекшісі- Тлеубаева М.Т.), физика пәні бойынша Төлепбергенова Айзада (жетекшісі- Ахметова А.К.) және дүниежүзі тарихы пәні бойынша Тұрғалиев Дастан (жетекшісі- Айтымбетов Е.А.) иеленді. III орынды биология пәні бойынша Ғабдулла Санжар (жетекшісі- Касымбекова А.А.) және Қазақстан тарихы пәні бойынша Наурызбай Нұрлыбай (жетекшісі- Ахметова А.Т.) жеңімпаз атанды.

Осындай ерекше дарын иелеріне терең білім беріп, олардың қабілеттерін дамытуы мен білімге деген құштарлығын оята білген барлық оқытушыларымызға алғыс білдіреміз.

Олимпияда жеңімпаздары мен жүлдегерлерін бүгінгі жеңістерімен құттықтаймыз, өздерінің еңбектері мен білімдерін дәлелдей отырып, білім шыңдарына өрлей берулеріне және ең үздіктер қатарынан көріне берулеріңізге тілектеспіз!

С. Хайруллина