Body: 

«Гүл өссе-жердің көркі, қыз өссе елдің көркі» - дейді біздің халық. Осы мақалдың бір дәлелі ретінде 4 наурыз күні Көлік және коммуникация колледжінің №1 жатақханасында «Қыз –ұлт болашағы» атты қыз сыны байқауы өтті. Байқауға колледждің жастар ісі комитетінің төрағасы Ақжол Мұратұлы, №2 жатақхана коменданты Әлия Әлімжанқызы, тәрбиешісі Айнагүл Төлетайқызы, №1 жатақхана студентінің ата-анасы Сая Карим, сонымен қатар №2 жатақхана студенттері қатысты.


Байқау келесі кезеңдерден тұрды:

1. «Мен қазақтың қызымын» өзін таныстыру.

2. «Бәйге» салт-дәстүр, әдет-ғұрып, жөн-жоралғы жөніндегі сұрақтаға жауап беру.

3. «Өнерлі өрге жүзер» өз өнерін көрсету.

4. «Қонақ күте білесіз бе?» ас мәзірін әзірлеу.

5. «Қыздарға әсемдік жарасады» ұлттық киім үлгісін көрсету.

Осы аталған кезеңдер бойынша сайысқа 11 үміткер ару қатысты. Қыздар барлығы өнерлі, өз қолдарымен тамақ дайындап, ұлттық киім үлгілерін көрсетті. «Өнерлі- өрге жүзер» сайысы бойынша Каримова Ақмарал өзі шығарған монологын оқып, барлығын таң қалдырды. «Қыздарға әсемдік жарасады» сайысы бойынша Тулеуова Аружан және Жусупова Гульзираның қазақ оюларымен әсемдеп тігілген көйлек үлгілері керемет шықты. «Қонақ күте білесіз бе?» сайысы бойынша Жусупова Гульзира қазақтың ұлттық асын дайындады.

Жарыста өздерінің инабат, сымбат, тапқырлық сияқты жан-жақты қырларымен көзге түскендер келесі номинациялармен марапатталды:

Барлыбаева Әсел - «Өнерлі ару»

Айтпекова Карина - «Сымбатты ару»

Бақытбек Дидар - «Зерделі ару»

Шукужанова Карина - «Парасатты ару»

Садвакасова Торгын - «Көрікті ару»

Тулеуова Аружан - «Инабатты ару»

Кишкентаева Анел - «Бұрымды ару»

Байқау қорытындысы бойынша жүлде иегерлері:

Бас жүлде «Жатақхана аруы» - Жусупова Гульзира

1 орын Каримова Акмарал

2 орын Ташенова Аяулым

3 орын Жаппарова Аружан

Мерекелік кеш соңы биге ұласты.