Body: 

2016 жылғы 11,12 наурызда Астана қаласындағы кәсiпорындардың жас мамандары және техникалық және кәсiптік бiлiм беретін колледждердің студенттерiне арналған «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN» чемпионатының қалалық кезеңі Астана қаласының Кәсіптік және техникалық колледжінде өткізілді.

Іс-шараның ұйымдастырушысы ретінде Бiлiмнiң басқармасы және қаланың колледждерi атынан баяндамалар оқылды. Байқауды өткізудің мақсаты- техникалық мамандықтардың беделін көтеру, студенттердi кәсiби шеберлiктерін жоғарылау, тәжірибелік дағдыларды жетiлдiру.

Чемпионат 9 құзыреттілік бойынша жүргiзiлдi: «Дәнекерлеу iсі, «Жүйе және жүйелiк әкiмшiлiк ету», «Веб-әзiрлеуші», «Мейрамханалық қызмет көрсету», «Шаштараз өнерi», «Кондитерлiк iс», «Аспаздық iс», «Мектепке дейiнгi тәрбие», «Киiмді әрлендiрушi».

Астана қаласы Көлік және коммуникация колледжі атынан чемпионатқа 1106000 «Темiр жолдың жылжымалы құрамының өндiрiсi» мамандығының 4 курс студенттері Барабан Олег және Заремба Сергей, тәлімгер-өндірістік білім беру шебері К.К. Кожахметов қатысты.

Студенттер осы чемпионатқа «Дәнекерлеу iсі» құзіреттілігі бойынша қатысып, өздерінің колледждегі оқу тәжiрибесi кезінде және өндiрiстегі технологиялық тәжiрибеде алған білімдері мен дағдыларын көрсете білді.

Жұмыс үш модульдар бойынша екi кезеңде жүргiзiлдi: «Қолмен дәнекерлеу, «Бұрылмалы түйiстiру трубаларын дәнекерлеу», «Қолмен доғалық және жартылай автоматты дәнекерлеу».

Бiздiң студенттерiмiз колледждің атынан WORLDSKILLS KAZAKHSTAN» - Астана 2016ж. чемпионаттына қатысып, сертификаттарды иеленді.


Директордың оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары - Матвеева Л.И.