Body: 

2015 жылы Астана қаласы «Көлік және коммуникация колледжі» МКҚК және Новосибирск теміржол көлігі техникумы арасында халықаралық ынтымақтастық туралы келісімшарт жасалды, осы келісімшарт ғылыми-тәжірибелік конференциялар, ғылыми-әдістемелік семинарлар және басқа да іс-шараларға оқу орындарының өкілдерінің қатысуын, студенттермен тәжірибе алмасуын қамтиды.

2016 жылғы 15-16 наурызда Новосибирск теміржол көлігі техникумында «Қазіргі заманғы технологиялар теміржол көлігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етеді» атты III Жалпыресейлік халықаралық қатысуымен ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді. Қазақстан Республикасы атынан Астана қаласының Көлік және коммуникация колледжінің студенті Айдарова Айнажан «Жолдың қисық бөлігінде бүйірлі рельстердің тозуын төмендетуге бағытталған техникалық шаралар» тақырыбында баяндама жасады (ғылыми жетекшісі-Бекенова Ардақ Бекайдарқызы).

Конференцияға Ресей Федерациясының атынан Новосибирск теміржол көлігі техникумы, Н.А. Лунин атынағы Новосибирск теміржол көлігі техникумы, Новосибирск электромеханикалық колледжі, Сібір мемлекеттік қатынас жолдары университеті, Мәскеу теміржол көлігі инженерлері институтының Елецк филиалы, Мәскеу теміржол көлігі колледжі, Курск теміржол көлігі техникумы, Воронеж филиалының электромеханикалық колледжі және т.б оқытушылары мен студенттері қатысты.

Баяндамаларды арнайы құзіретті қазылар алқасы бағалады, олардың құрамына: Қозғалыс қауіпсіздігі бойынша тексеруші А.В. Жилин, Новосибирск техникумының директоры А.И. Погребняк, НТЖТ дамыту және жалпы мәселелер бойынша директордың орынбасары Ю.К. Ткачук, «Тасымалдау жұмыстарын басқару» кафедрасының доценті П.В. Самарцев, Новосибирск қаласындағы «ОӘО ТК» филиалының директоры С.Б. Баев кірді.

Айдарова Айнажан Қазақстан Республикасында қолданылатын рельстердің тозуын азайтудың техникалық құралдары туралы бейнефильм және байыпты баяндама дайындады, қазылар алқасының барлық сұрақтарына жауап берді, лайықты ІІІ дәрежелі дипломмен және белсенді қатысқаны үшін грамотамен марапатталды.

Конференцияға баяндамаларды басқа студенттер де дайындады, олар Бейсенов Саят (ғылыми жетекшісі - Р.В. Плахотнюк), Даутбаева Гульнара (ғылыми жетекшісі - Р.С. Ермаханова), Шалкаров Алдияр (ғылыми жетекшісі Б.С. Турсунбекова). Студенттік конференцияның барлық қатысушылары сертификаттар алды.

Халықаралық ынтымақтастықтың аясын кеңейту мақсатында, Астана қаласында біз қонақтарға дәстүрлі ғылыми-тәжірибелік конференцияны «XXI ғасырдағы ғылым және жаңа ұрпақ» тақырыбында өткіземіз.

Директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары
Матвеева Л.И.